Казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Пәндік облыстық олимпиада

2019 жылы 10 сәуірде Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде 9 сынып оқушылары арасында пәндік облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға Көкшетау қаласы мен облыстың 118 оқушысы қатысты. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша өткізілді: математика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, құқық негіздері.


Колледж оқушыларды қуанышпен және жылылықпен қарсы алды. Оқушылар мен оқытушылар жағымды көңіл-күймен болды. Олимпиада қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 орын алған жеңімпаздар анықталды. Олар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылардың ешқайсысы сыйлықсыз кеткен жоқ: жүлделі орын алмаған балаларға біздің колледжде оқуға 20 пайыздық жеңілдікпен қатысушы сертификаттарын табыс етті. Сонымен қатар оқушыларды дайындаған жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

Олимпиада қатысушыларына Даңқ мұражайына және колледж бойынша экскурсия өткізілді , колледж өмірі туралы бейне ролик көрсетілді. Олимпиада өте жақсы  және достық атмосферада өтті.

 

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу