Казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Кітапхана – рухани жаңғыру ордасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған мақаласының халыққа жеткеніне екі жылдан асты. Бұл мақала мазмұны терең, ауқымы кең, ұлт руханиятын ғасырлар биігіне көтеретін бағдарлама болды.


Мақала қоғам дамуына тың серпін беріп, барша Қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастамаға айналды. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз. Және де 2019 жыл «Жастар» жылы болып аталды. Осыған орай, Көкшетау қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты барлық кітапханалар қалалық мекемелермен, жоғары және орта білім беру оқу орындарымен, мектептермен тығыз байланыста жұмыстар атқарады.

Соның ішінде Гастелло көшесі 13а үйде орналасқан қалалық кітапханасы -  «Жастар – кітап әлемінде»,«Кітапты қадірлейтін ойлы ұрпақ»,  «Қазақстан болашағы – жалынды жастар»деген ұлағатты сөздер аясында жұмыстар жүргізіп жатыр десем қате болмас еді. Бұған дәлел ретінде 06.09.2019 жылдағы Көкшетау қаласы Қазақ гуманитарлық – техникалық колледжінің «Ақпараттық жүйелер» тобының кураторы Нурбаева Гулзада Шамұратовнаның жетекшілігімен  1 – курс«Ақпараттық жүйелер» тобының  студенттері кітапханаға барды. Мұндағы мақсат, жастарды халқымыздың және Көкшетау қаласынан шыққан  ұлы ақын – жазушыларымызбен және олардың шығармаларымен терең таныстып, 2020 жылдың «Еріктілер» жылы болғандығын, неліктен осылай аталатындықтары туралы қалалық Жастар қорынан келген қонақ егжей-тегжей айтып өтті. Студенттеріміз аса қызығушылықпен тыңдап жақсы әсер алып, өз сұрақтарын қойды. Студенттердің осы саяхаттан алған әсері мол болды. Кітапхана – рухани байлық мекені демекші,осындай іс-шаралар көп жүргізіле берсе, болашақ ұрпаққа тәрбиелік мәні көп болары сөзсіз.   

 

 

 

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу