Казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

«Полиглот» интеллектуалдық ойын

«Тілдер апталығының» аясында 17 қыркүйек күні Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде  1 курс студенттері арасында «Полиглот» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді.


 

Аталмыш ойынның мақсаты: үштілділік жағдайында полилингвалды тұлғаны тәрбиелеу. Ойын ұйымдастырушылары орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жусупова М.К., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Урумбаева С.К., ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Анисова А.С. келесі міндеттерді алдына қойды: студенттерді тіл мәдениетіне тәрбиелеу, тіл байлығын құрметтеу, ана тілін қастерлеу, тіл білуге талпыныстарын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымдық ойын дағдыларын қалыптастыру.

Ойынға бірінші курс студенттерінен құралған үш команда қатысты. Ойыншылар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білімдерін көрсете отырып,  сұрақтарға үш тілде жауап беріп, мақалдардың эквиваленттерін тауып, сөздер құрастырып, логикалық сұрақтардың шешімін тапты.

 

 

 

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу