Высший казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Интеллектуалды конкурс

Тілдер апталығы аясында «Ақылды  үкі» деп аталатын екінші курстар арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Бұл ойыншылардың ақыл-ойы мен эрудициясын қолдануға негізделген ойын түрі. Ойын ережесі-өмірдің әртүрлі салаларындағы сұрақтарға жауап беру. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты - студенттердің бойында бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттер мен білімқұмарлық дағдыларын дамыту болып табылады. Аталған іс-шаралар жас ұрпақты командада жұмыс істеуге, өз ақыл-ойын шыңдауға және ой-өрісін кеңейтуге үйретеді.

 

Зияткерлік ойынға арналған сұрақтар студенттердің жасын және олардың қызығушылықтарын ескере отырып жасалды. Бұл ойын жеке тұлға ретінде олардың жан-жақты дамуына ықпал етуі маңызды. Ойын онлайн режимінде, Zoom ақпараттық-цифрлық порталы арқылы өтті. Студенттерге сұрақтар мен оларға жауап нұсқалары бар презентация көрсетілді. Ойынға 5 студент қатысты, оның ішінде Назым Ақтан ерекше көзге түсті.

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу