Высший казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің ДВО-41 тобымен онлайн кездесу

2021 жылдың 12 ақпанында «Мектепке дейінгі тәрбие және білім» мамандығы бойынша МДТжО-41 тобымен онлайн кездесу арқылы ЗУМ конференциясында кураторлық сағат өткізілді.  Кураторлық сағаттың тақырыбы «Менің мамандығым – менің болашағым».  Кураторлық сағаттың мақсаты  соңғы курста оқып жүрген студенттердің таңдап алған мамандығы бойынша пікір алмасу және осы мамандықты таңдап алу мақсаттарын  талқылау.  Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты.

 

Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен  сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне” бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар  – өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.

Мұғалім, тәрбиеші – болу оңай  жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық  иесіне  дәл мұғалімге қойылатындай  талаптар қойылмайды.

Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен таңдап алған мамандығымды мақтан тұтамын

 

 

 

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу