Казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Талапкерге

Жылдан жылға орта кәсіби білімі бар қызметкерлрге сұраныс артып келеді. Сондықтан, тоғызыншы сынып бітірушілердің басым бөлігі колледждерге түсуді үйғарады. Таңқаларлықемес, қандай оқуға баратыңызды осы күнге дейін шешпесеңіз, біздің колледждің тізіміндегі 11 мамандығымен танысу Сізге дәл келер:

0105000 “Бастауыш білім беру” бастауыш білім беру мұғалімі;

0101000 “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі;

0103000 “Дене тәрбиесі және спорт” дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі;

0201000 “Құқықтану” кеңесші-заңгер;

0507000 “Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру” супервайзер (ауысым басшысы);

0518000 “Есеп және аудит” экономист-бухгалтер;

0516000 “Қаржы”- қаржы жұмысы бойынша экономист;

1305000 “Ақпараттық жүйелер” техник;

0514000 “Бағалау” техник- бағалаушы;

1206000 «Жол қозғалысын ұйымдастыру»- жол инспекторы, техник;

1201000 «Автокөліктерге  техникалық  қызмет  көрсету, жөндеу және пайдалану»- электрмеханигі, техник-механик, автокөліктерді  жөндеу слесары.

Педагогикалық, экономикалық және техникалық мамандықтар бойынша Мемлекеттік білім беру тапсырысымен (тегін оқу, шәкіртақы) мамандарды дайындауға, сонымен қатар барлық мамандықтарға Директорлық білім беру гранттары тағайындалған.

      

Колледждің артықшылықтары:

1.    Оқу орнына түсу женілдігі. Ереже бойынша, құжаттарыңызды тапсырып, оқуға түсу емтиханын тапсыру жеткілікті.

2.    Студенттерді «Зерде» Орталық-серіктесімен бірлесіп даярлау және Bookkeеper (Institute of Certified Bookkeеpers) (Ұлыбритания) Халықаралық сертификат-дипломын алу.

3.    Өндірісте кәсіби тәжірибе өту.

4.    Еңбек өтілі. Бұл параметр еңбек санатына және еңбек ақысына әсер етеді. Бұдан кейін, зейнетке шығарда ескертіледі.

5.    Жоғары білім алуға мүмкіндіктер көбеюде. Көп жоғары оқу орындары колледж түлектеріне қашықтық технологияларды пайдалана отырып, сырттай оқып білім алуға мүмкіншілік береді.

6.    Ұл балалардың әскер қатарына бару мерзімі шегіндіріледі.

7.    Жоғары оқу орнына түсу үшін таңдаған мамандығын айқындау мүмкіндігі бар.

 

Колледж түлектеріне Мемлекеттік үлгіде диплом табысталады.

 

Біздің оқу орнымыз туралы толық ақпарат ресми сайтымызда жинақталған.

 

«Өзіне сенімді және табысқа ұмтылатындарға» атты ҚазГТК үгіт-насихат бейне ролигін Сіздерге ұсынамыз.

 

Біздің мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,

Байкен Ашимов көш. 228, №1 корпусы;

Байкен Ашимов көш. 228, №2 корпусы;

Ыбырай Алтынсарин көш. 19, оқу-әкімшілік №3 корпусы

Автобустар: 2,4,6,11,14 «Нан заводы» аялдамасы.

Тел.:8(716 2)32-62-64, 50-40-63.

 

 

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу