0516000 «Қаржы» (салалар бойынша)
Біліктілігі: 051605 3 «Қаржы жұмысы бойынша экономист»
Кәсіптік құзыреттер:
-ұйымның қаржылық қызметін іске асыру бойынша жұмыстарды орындайды;
-болашақтағы жобалары мен жылдық қаржылық жоспарды дайындайды және ұйымның есебіне келіп түскен ақша қаражатына болжам жасайды;
-табыстар мен шыгындардың мөлшерін, қаражат түсімдері мен есептеулерді, ұйымның бюджеттік, салық органдарымен, банкпен өзара қатынасын анықтайды, табыстар мен шығындар баланстарын құрастырады, кассалық жоспарларды, несиелік тапсырыстарды жасайды;
-шұғыл қаржыландыруды, есептеу және төлеу міндеттерін орындауды, ұйымның төлем қабілетіндегі өзгерістерді уақытылы көрсетуді қамтамасыз етеді;
-ұйымның міндеттемесі бойынша төлемдердің барлық түріне арналған құжаттарды дайындайды;
-қаржылық қызмет бойынша сметалардың, оперативті және бухгалтерлік есептердің орындалуын талдайды;
-өндірістің кірісін арттыру және өнімдерді тарату, жеке айналым қаражатын, мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру шараларын дайындайды және енгізуге қатысады;
-ұйымның қаржылық қызметінің нәтижелері туралы бекітілген есептеу-есеп беру құжаттарын жүргізеді;
-ҚР қаржылық-банктік қызметі жөніндегі мәселелерді реттейтін заңнамалық және басқа да нормативті-құқықтық актілерді кәсіби түрде қабылдайды.
Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай.
Мамандық бойынша оқыту мерзімі:
9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай;
11 сынеп негізінде – 1 жыл 10 ай;