Казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

 Біліктілік: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

 Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби қызмет объектісі:

  • жеке меншік формасына тәуелсіз, барлық білім беру мекемелеріндегі оқу- тәрбие үрдісі( процессі).

 

Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби қызмет түрлері: 

Сабақ және сыныптан тыс шаралар өткізеді, спорт түрлері бойынша секцияларға жетекшілік етеді.

Оқытудың түрлі формаларын, тәсілдерін, әдістері мен ұүралдарын қолданады.

Пән бойынша қажетті жоспарларын құрастырады.

Оқу үдерісінің графигі мен оқу және үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес білім беру оқу бағдарламасын жасақтауға және орындауға қатысады.

Әдістемелік бірлестік қызметіне және әдістемелік жұмыстардың басқа түрлеріне қатысады.

Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде көтеріп отырады.

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланыста болады.

Сабаққа қатысу тәртібін, оқу ережесін қолдайды.

Спортзалда санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, жабдықтар мен мүліктердің бүтіндігі бойынша шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы », «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы» заңдарын , педагогика және психология негіздерін біледі.

Оқу ақпаратын модульдеу, ақпараттық –оқыту ортасын құрастыру, интерактивті қарым-қатынасты жобалау, оқу сапасының мониторингін жүргізу, білім алушылар мен мұғалімнің жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтерді жинау әдістерін біледі, оқушылардың құзіреттілігі мен білім, іскерлік, дағдыларын бақылайды.

Педагогикалық кеңес жұмыстарына, өндірістік мәжілістерге, ата-аналар жиналыстарына қатысады, балаларды әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысуға дайындайды, мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтайды.

Кәсіби құзыреттер

Білім алушылардың психологиялық, анатомофизиологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі бойынша арнайы-кәсіптік білімді, оқытудың жаңаша формалары мен құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді, оқу-әдістемелік кешенді қолдана білу.

Дене тәрбиесін оқыту әдістемесін меңгеру.

Спорттық және қозғалмалы ойындардың, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық жаттығулардың, жүзу стилінің негізгі түрлерін, шаңғымен, конькимен және т.б. жылжу әдістерін білу.

Сабақтың мақсат-міндеттерін анықтай, мұғалімнің, білім алушыларың қызметін жобалай, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін дамыта білу.

Өзін-өзі бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру.

Топ жетекшісінің қызметін, тәрбие жұмысы мазмұнын, әр жастағы ұжымды диагностикалау әдісін білу.

Оқу-бағдармалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінен мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.

Тұрғылықты жерлері бойынша балалармен, жасөспірімдермен, тұрғындармен мәдени-көпшілік, спорттық сауықтыру жұмыстарын жүргізу.

Дене тәрбиесі мұғалімі мен оқушының портфолиосының мазмұнын жинақтау (жинау) әдістерін меңгеру.

Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу.

 

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай

 

Мамандық бойынша оқу мерзімі:

  • 9- сынып негізінде- 3 жыл 10 ай;
  • 11- сынып негізінде -2 жыл 10 ай

 

 

 

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу