0105000 “Бастауыш білім беру”
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Бастауыш білім беру мұғалімінің кәсіби қызмет объектісі:
- жеке меншік формасына тәуелсіз барлық білім беру мекемелеріндегі оқу –тәрбие үрдісі (процессі).
Бастауыш білім беру мұғалімінің кәсіби қызмет түрлері:
- білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес бастауыш мектепте сыныптан тыс іс-шаралар мен сабақтарды ұйымдастырады;
- әдістемелік жұмысты ұйымдастырады;
- өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады;
- мұғалім мен оқушы жетістіктерінің портфолиосы үшін мәліметтерді жинайды, білім беру сапасының мониторингін өткізеді және интерактивті өзара қызметті жобалау, ақпаратты- оқыту алаңын құру және оқыту мәліметтерін мөделдеу әдістерін игереді.
Кәсіптік құзырет
Білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу;
Оқу –бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу;
Бастауыш мектептің пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру;
Оқу ақпаратын модульдеу әдістерін меңгеру;
Сабақты жобалау және құрастыру, педагогикалық мақсатқа жету үшін алған білімін саралауға, талдап және жинақтауға қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін меңгеру.
Мақсат пен міндеттерді анықтай, білім алушылардың іс-әрекетін жобалай, ұйымдастырушылық дағдыларын дамыта білу;
Өзін-өзі бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру;
Топ жетекшісінің қызметін, жұмыс мазмұнын, білім алушылар ұжымын диагностикалау әдісін білу.
Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.
Ақпараттық-оқыту ортасын құрастыра білу;
Мұғалім мен білім алушының портфолиосының мазмұнын жинақтау әдістерін меңгеру
Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу
Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай
Мамандық бойынша оқу мерзімі:
- 9- сынып негізінде- 3 жыл 10 ай;
- 11- сынып негізінде -2 жыл 10 ай