Казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Наурыз мейрамы!

     Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Еліміз осы мейрамды асыға күтеді. Ағымдағы жылдың 20 наурызы күні ҚазГТК оқытушылары мен оқушылары осы мейрамды колледж қабырғасында атап өтті.


 

 

     Оқытушылар мен  оқушыларды колледж директоры Уразалин Ғалым Төлегенұлы наурыз мейрамымен құттықтады. Оқушылардың ұйымдастыруымен  үлкен іс-шара өтті.  Концерттік бағдарламада ән айтылып, күй тартылды.  Қазақтың салт дәстүрінен  көріністер көрсетілді. Мысалы тұсау кесу сияқты көріністер көрсетіліп , ұлттық ойындар, арқан тартыс, қол күрес, тоғызқұмалақ ойындары ойнатылды. Колледж қабырғасында дайындалған Наурыз көже тағы басқада  ұлттық  тағамдардан дәм әзірленді.  

     22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қызыр дарып, бақ қонсын! 

Наш адрес

Акмолинская область, г. Кокшетау, ул. Капцевича 228, корпус №1

Акмолинская область, г. Кокшетау, ул. Мира 19, Административное здание корпус №2

  • Телефон: 8(7162) 32-62-64, 50-40-63
  • Факс:  8(7162) 50-40-63

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу