Казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

 

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.


Осыған орай, Қазақ гуманитарлық техникалық колледжінде 1 курс студенттері  арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тәрбие сағаты өтті. Студенттерге видео-фильм көрсетіліп, әр түрлі сұрақтар қойылды.


Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Бүгінгі өскелең ұрпақ жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастра отыра оны бойларына сіңіреді деп сенеміз.

 

 

 

Наш адрес

Акмолинская область, г. Кокшетау, ул. Капцевича 228, корпус №1

Акмолинская область, г. Кокшетау, ул. Мира 19, Административное здание корпус №2

  • Телефон: 8(7162) 32-62-64, 50-40-63
  • Факс:  8(7162) 50-40-63

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу