Казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім кепілі

ХХІ  ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған  елдің тығырыққа тірелері анық». 

Жастарға заман талабына сай білім беріп, олардың мәдениетін көтеру – уақыт талабынан туындап отырған мәселе.   Білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі - білім беруде жаңа әдістермен технологияны дамыту болып табылады. Жаңа инновациялық технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану – білім сапасын  арттырудың бірден – бір жолы.  Оқыту үрдісінде студенттердің  білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға,  шығармашылық қабілетін жетілдіруге көмегі зор.

Осы мәселелерді ескере отырып, каңтар айының 18 жұлдызында Қазақ гуманитарлық- техникалық колледжінде «Білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбына семинар ұйымдастырып, бағдарламаға сәйкес өткізілді.

Семинардың басты мақсаты- оқытушылардың педагогикалық ғылымдағы қазіргі жетістіктерін  және олардың озық педагогикалық тәжірибелерін игеруге қолдау жасау.

Сонымен қатар, міндеттері:

• білім беру мекемесіндегі жетекшілермен оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру;

• жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде оқытушыларға көмек көрсету;

• оқу және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда бірыңғай талаптарды әзірлеу;

• оқытушыларды жеке кәсіби қызметін жетілдіруге ынталандыру;

• оқытудың жаңа тиімді  әдістерін іздестіру және жетілдіру;

• оқытудың жеке әдістерін жетілдіру, әзірлеу және педагогикалық қызмет тәжірибесімен алмасу;

• білім беруде оқу-тәрбиелік жұмыстың қазіргі әдіс-тәсілдерін меңгеру және оларды сабақта, сабақтан тыс қолдану. 

 


 

Подробнее: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім кепілі

«Ах, эта лыжня!»

«В здоровом теле, здоровый дух!»

В физическом воспитании лыжный спорт занимает одно из ведущих мест. Катание на лыжах способствует всестороннему физическому развитию студентов, особенно положительно влияя на развитие таких качеств, как выносливость, сила, ловкость. А также соревнования по лыжному спорту воспитывают и морально-волевые качества: смелость, настойчивость, дисциплинированность, коллективизм, способность к преодолению трудностей любого характера. И чтобы привить все эти качества нашим студентам был организован выезд на лыжную базу «Бұқпа». В этом мероприятии принимали участие студенты 2 курса, специальность «Физическая культура и спорт», где ребята показали себя в хорошей физической форме, получили огромный заряд энергии и положительные эмоции.

Заместитель директора по ВР: Балтабаева Д.Т.

 

 

Подробнее: «Ах, эта лыжня!»

Алақай, демалыс!

Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не? Уақытты тиімді пайдалану - ол көп іс атқару емес. Ол өз уақытыңда тиімді және дұрыс пайдалану. Бірақ "дұрыс" деген сөзіміз әр тұлға үшін әрқилы мән береді. Адам баласына шамадан тыс жұмыс істеуден басқа демалыс пен серуенге шығып тұру керек. Сонымен қатар әркімнің өз жеке маңызды істері бар. Біз көп немесе аз жұмыс істеуге, көп немесе аз көңіл көтеруге тиісті емеспіз, біз өз - өзімізбен болуымыз керек.

Сол себепті,  қысқы демалыс уақытыныда 3 қантар  күні Қазақ гуманитарлық техникалық колледжінің студенттері «Қаржы » мамандығы  бойынша  өз  топ жетекшілерімен Балтабекова Кельбет Маратовна мен  коньки тебуге барды.  Осы  кешкі  серуеннің мақсаты студенттердің  бос уақытын тиімді өткізуге  және  топ ішінде  достық, ұйымдастырушылық  қасиеттерін  қалыптастыруға  тәрбиелеу. 

Осы  серуеннің  нәтижесінде  студенттер  жақсы  әсер алып, көңіл – күйлерін  көтеріп  қайтты.

Біздің колледждің студенттері  оқу барысында ғана емес демалыс күндері нде де қалалық  дейгейінде өтетін іс-шараларға  қатысады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде біз студенттеріздің салауатты өмір салтын сақтауға және пайдалы істермен айналысуға тәрбиелейміз.

 Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары: Д.Т. Балтабаева

 

Подробнее: Алақай, демалыс!

Занимайтесь спортом!

В преддверии проведения Международных спортивных студенческих игр (Универсиада - 2017), Комитетом по Делам Молодежи был проведен конкурс на тему: «Занимайтесь спортом!», среди учащихся колледжа.

Данное мероприятие проходило в интернет – сообществе КазГТК (ВКонтакте) с 1 по 23 декабря текущего года.

Ребята, занимающиеся различными видами спорта, снимали на видео – камеру свой тренировочный процесс. Данные видео – ролики присылали и выкладывали в сообщество ВКонтакте.

Руководители КДМ определили лучшее видео и победителей данного конкурса. Ими стали спортсмены: Туснолобов Никита, Скляров Влад и Евтушенко Александр.

Ребята профессионально занимаются «Триатлоном». Являются кандидатами в мастера спорта. Неоднократно становились чемпионами Казахстана, а так же участниками кубка Азии. В данное время они усиленно готовятся к соревнованиям в Турции. И победа в нашем конкурсе показала их не только как спортсменов, но и раскрыла в них творческие способности.

Победители были награждены денежной премией из личного фонда КДМ.

Мы очень гордимся, что в нашем колледже учатся именно такие парни! От всей души пожелаем им новых побед в спорте и творческих успехов!

Будьте здоровы! Занимайтесь спортом!

Председатель КДМ: Раджабова А.А.


«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»

Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің  күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен  жел  астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене  бер сен әрқашанда.
Бостандық  елі - Республикам менің.

Жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту мақсатында желтоқсан айының 15-і күні  Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға колледж кұрылтайшысы Г.Т. Уразалин, колледж директоры Р.С.Шакиржанов және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Колледж студенттері Тәуелсіздік күніне арнап «Желтоқсан құрбандары» атты көрініс қойды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі күніне арналған салтанатты жиында колледж кұрылтайшысы Г.Т. Уразалин және колледж директоры Р.С. Шакиржанов құттықтау сөз сөйлеп,осы мерекеге  орай колледж оқытушылары мен қызметкерлерін алғыс хат және мадақтамалармен марапаттады.

Оқу бөлімінің меңгерушісі Тюлебаева О.С. озат студенттерді ақшалай сыйақы және колледж өміріне белсене қатысатын студенттерді мадақтамамен марапаттады.

Қазіргі таңда Қазақстан - өркениетті, дамыған  елдер қатарына  енген мемлекет. Осы мемлекетті  одан да  биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан да алдағы уақытта Тәуелсіз елімізді мақтан етіп, оның өсуіне, одан да әрі қарай өркендеуіне біз де үлесімізді қосайық.

 

Дайындаған: Қазақ гуманитарлық-техникалық

колледжінің оқытушылары А.Ж. Каиркенова, К.М. Балтабекова


 

Подробнее: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»

Наш адрес

Акмолинская область, г. Кокшетау,
ул. Байкена Ашимова 228, корпус №1;
ул. Байкена Ашимова 228, корпус №2;
ул. Ыбырай Алтынсарина 19, административно - учебный корпус №3

  • Телефон: 8(7162) 32-62-64, 50-40-63
  • Факс:  8(7162) 50-40-63

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу