Высший казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

MediaLitFEST медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша онлайн фестивалі

         Ақмола облысында медиасауаттылық бойынша алғашқы онлайн-фестиваль 2021 жылғы 24-25 маусым аралығында өтті.

       Ақмола облысындағы бірінші онлайн-фестивальде медиа сауаттылық бойынша бірегей мастер-класстар, сессиялар мен конкурстар өтті. Бізге дұшпандық тілі, қорлау себептері және алдын-алу әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ бізді ақпараттық гигиена мен қауіпсіздік ережелеріне, ақпараттық арандатуларға қарсы тұруға және 15 минут ішінде Тик-токта ойды қалай жеткізуге, фейктерді тануға үйретті.

 

      Онлайн-фестивальға қатысу үшін тіркеу нысанын толтыру қажет болды, онда біз қызығушылық танытқан дәрістерді атап өттік. Фестиваль барысында түрлі қалалардың спикерлері қызықты және пайдалы дәрістермен сөз сөйледі. Сондай-ақ, бізбен бірге "Kahoot!" бағдарламасында ойын ойнатылып, жүлделі орындар үшін сыйлықтар берілді. 

       Онлайн-фестиваль нәтижесінде біз көптеген пайдалы және қызықты ақпарат алдық. Онлайн фестивальдің әрбір қатысушысына сертификат берілді, ал белсенді қатысушыларға сыйлықтар ұсынылды.

 

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу